«Алматы» ӘКК» АҚ және еншілес және тәуелді ұйымдарының қызметіндегі СЖТІТ нәтижелерін жария талқылаудың басталуы туралы хабарландыру
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына, сондай-ақ «Алматы» ӘКК» АҚ және еншілес және тәуелді ұйымдарының (бұдан әрі — ЕТҰ) сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру шеңберінде «Алматы» ӘКК» АҚ және ЕТҰ қызметінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылаудың басталғаны туралы хабарлаймыз.
Жария талқылаудың мақсаты — «Алматы» ӘКК» АҚ және ЕТҰ қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету, қоғамның сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл процестеріне қатысу деңгейін арттыру, сондай-ақ анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу болып табылады.
Жария талқылау:
📅 Күні: 2026 жылғы 19 мамыр. 🕒 Уақыты: сағат 11:00.
📍 Өтетін орны: Алматы қ. Байзақов көшесі, 303-үй, 6-қабат, конференц-зал.
Іс-шара офлайн форматта өткізіледі.
Мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, сарапшылық қоғамдастықтың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін, сондай-ақ барлық мүдделі тұлғаларды жария талқылауға қатысуға және жүргізілген талдау нәтижелері бойынша ұсыныстар, ескертулер мен ұсынымдар енгізуге шақырамыз.
Байланыс тұлғалары: Оспанов С.Ж., Умбеталиев С.Т. Кабинет: № 505, 5-қабат E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.">аБұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. Байланыс нөмірі: 255-18-91 (ішкі 510)Ұялы телефон нөмірлері: +7 707 471 11 99, +7 777 288 22 95.
